Елордада «Сиқырлы әуендер» қайырымдылық фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Сиқырлы әуендер» қайырымдылық фестивалі басталды

04.12.2019

Елордада «Сиқырлы әуендер» қайырымдылық фестивалі басталды. Бір аптаға созылатын шара барысында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсетіліп, олардың рухани әлемін байыту мақсатында түрлі шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Фестиваль аясында ауылдық елді мекендерде орналасқан төрт бірдей балалар үйіне 52 миллион теңге көлемінде қаржы жиналды. Сондай-ақ, Урюпин ауылы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ғана арналған кеш өтті. Балалар тетар қойылымын тамашалап, қыш, кескіндеме өнерін үйреніп, робототехника сабақтарына қатысты. Айта кетейік, фестиваль желтоқсанның 7-де опера әншілері қатысатын қайырымдылық концертімен жалғасады.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу