Балалар үйінің тәрбиеленушілері дәмді ас әзірлеуді үйренді

04.12.2019

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері аспаздық курстан өтті. Екі айға жалғасқан жобада 8-11 сынып оқушылары қатысып, түрлі тағамдар мен тәттілерді әзірлеуді үйренді. Дәрістің нәтижесінде 20-дан астам бала арнайы сертификаттармен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, жеткіншектердің осы бастан кәсіби маман атануларына жол ашылады. Себебі аспаз болу – бір өнер. Осылайша еңбекқорлығы мен ынта-ықылас, шеберлігін көрсетеді. Сондықтан дәстүрлі жоба арқылы оқушылар болашаққа бейімделіп, кәсіби машықтанады.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу