Шымкентте оқушы сабаққа тапанша алып келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте оқушы сабаққа тапанша алып келген

29.11.2019
Шымкентте оқушы сабаққа тапанша алып келген

«Жасөспірім» рейдтік іс-шарасы барысында 9-сынып оқушысының сөмкесінен травматикалық тапанша табылды.

«25-30 қараша аралығында «Жасөспірім» рейдтік іс-шара өткізіледі. Іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу. 25 қараша күні рейд барысында мектеп аумағын тексеру кезінде оқушының сөмкесінен қару табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде»,- деді Әл-Фараби ПБ ювеналды полиция бастығының міндетін атқарушы Батырхан Әлиев.

Мектеп оқушысы Әл-Фараби полиция бөлімшесіне жеткізіліп, баланың ата-анасы шақырылды. Жасөспірім қаруды сыныптасынан алғанын, тапаншаны мектепке оны қайтару үшін алып келгенін айтты.

elitar.kz

Хабарламаларға жазылу