Басты Жаңалықтар Еліміздің көне газеттері 90 жылдық мерейтойын атап өтті

Еліміздің көне газеттері 90 жылдық мерейтойын атап өтті

Қызылордада «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Тарихы терең басылымдар - өңірдің жарқын жылнамасы. Сыр журналистикасының қара шаңырағы саналатын газет редакциясы бүгінде заманауи медиа кеңістіктің талабына сай жұмыс жасап келеді.

Мерейтой аясында ардагер тілшілерге де сый-құрмет көрсетілді. Сондай-ақ БАҚ өкілдері ғылыми-тәжірибелік конференцияда пікір алмасып, ой бөлісті. 1929 жылдан бері басылым беттерінде жарияланған облыстың өткені мен бүгіненен сыр шертетін фотокөрме өтті.

Әділбек Серікұлы

Бөлісу