Оралда 10 жастағы оқушы вирусты менингит ауруына шалдықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда 10 жастағы оқушы вирусты менингит ауруына шалдықты

27.11.2019

Қаладағы Вальдорф мектеп-гимназиясында оқитын қыз бала жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Қазір жағдайы қалыпты дейді дәрігерлер. Мектеп карантинге жабылған жоқ. Тек тазалық ережелерін қатаң сақтау керектігі ескертілді. Өңірде былтыр мұндай жағдай тіркелген жоқ. Ал биыл жыл басынан бері 6 адам осы инфекцияны жұқтырған. Олардың үшеуі – бала. 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу