Тараз мектебіндегі оқиғадан кейін жауаптыларды жазалау жалғасуда
Таразда мектеп ауласында болған оқиғадан кейін жауаптыларды жазалау әлі де жалғасып жатыр. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Тараз қалалық Полиция басқармасының бастығы Ардақ Мәдімаров қызметімен қоштасты. Ал облыстық Полиция департаментінің бастығы жұмысқа салғырттығы үшін ескерту алды. Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қандай да бір мағлұмат беруден бас тартты. Тараздағы №6 мектепте 7 сынып оқушысы даладағы әжетханаға барамын деп азғынның қолынан зорлық көрген еді. Қылмыскер із суытпай, екі сағатта ұсталған болатын. Оқыс оқиғадан кейін 14 лауазымды қызметкер жұмыстан кетті.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03