Тұңғыш Президент күніне орай елордада тегін экскурсия ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Президент күніне орай елордада тегін экскурсия ұйымдастырылады

26.11.2019
Тұңғыш Президент күніне орай елордада тегін экскурсия ұйымдастырылады

30 қараша мен 1 желтоқсанда қала тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» екі қабатты экскурсиялық автобустарында басты көрікті орындардың қасынан бірнеше рет мініп, түсуге мүмкіндік беретін тегін экскурсияға қатыса алады. Шара Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл көтеру орталығынан және «Бәйтерек» монументінен басталады. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы).

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Автобустардың қозғалыс кестесі:  

«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты

  • Cағ. 10:00 (орыс тілінде); 
  • Сағ. 12.10 (қазақ тілінде);
  • Cағ. 14:30 (орыс тілінде);
  • Cағ. 16:40 (қазақ тілінде);
  • Cағ. 18:50 (орыс тілінде).

Келесі аялдамалар: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей, «Бәйтерек» монументі және «AiLand» (океанариум) көңіл көтеру орталығы.  

«Бәйтерек» монументі аялдамасынан қозғалу уақыты

  • Cағ. 10:30 (қазақ тілінде);
  • Cағ. 12:40 (орыс тілінде);
  • Cағ. 15:00 (қазақ тілінде);
  • Cағ. 17:10 (орыс тілінде);
  • Cағ. 19:20 (қазақ тілінде).

Хабарламаларға жазылу