Йеменде әуе соққысынан 26 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Йеменде әуе соққысынан 26 адам қаза тапты

02.11.2017

Йеменде әуе соққысынан 26 адам қаза тауып, ондағаны жараланды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұл шабуылды Сауд Арабиясы жетекшілік еткен әскери коалиция жасаған.

Соққы елдің солтүстігіндегі Саад провинциясындағы қонақ үйге тиген. Соңғы келіп түскен мәліметке қарағанда, бұл шабуылдан ғимарат жермен-жексен болып, маңындағы ұсақ дүкендер де зардап шекті. Қазір жараланғандарға ауруханаларда көмек көрсетіліп жатыр. Олардың көбі ауыр халде. Құрбар болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу