Газадан науқастар эвакуацияланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газадан науқастар эвакуацияланып жатыр

01.11.2023

Мысырдан жедел жәрдем машиналары Рафах өткізу пункті арқылы Газа секторына ене бастады. Олар Израильдің әуе соққыларынан жараланған науқастастарды Синай түбегінде құрылған дала госпиталіне эвакуациялауы керек. Мұндай келісімге Катардың арағайындығымен қол жеткізілген.

Қазір Израильдің жаяу әскері Газада «Хамас» жасақтарымен шайқасып жатыр.

Таяу Шығыста жаңа соғыс хамастықтар қазанның 7-де Израильдің оңтүстік қалаларына кенеттен басып кіріп, 1400-дей адам өлтіргеннен кейін басталды. Ал Газада содан бері Израильдің бомбалау операцияларынан 8 жарым мыңнан астам адам қаза тапты. Сол құрбандардың көбі – әйелдер мен балалар.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу