Жамбыл облысында төрт елді мекен жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында төрт елді мекен жойылды

14.11.2019

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында төрт елді мекен жойылды. Тағы төрт ауыл жақын орналасқан ауылдарға қосылады. Осы арқылы аймақта тіркелген 377 ауылдың 8-і оңтайландырылмақ. 

Облыс әкімдігінің ресми мәліметіне сәйкес, бұл ауылдарда халық саны 50-ге де жетпейтін көрінеді. Тіпті кейбірінде мүлдем тұратын адам қалмаған. Таратылған Арал, ГРЭ-21, Кіші Қамқалы және Байтал қоныстық елді мекендерін есептен шығару туралы облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімдері қабылданды. 

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу