Батыс Қазақстан облысында электр жүйесінің 70 пайызының тозығы жеткен. Жалпы, өңірде ұзындығы 26 мың шақырым болатын желі бар. Алайда олар осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын салынғандықтан, әбден ескірген. Бұл туралы облыс басшысы Ғали Есқалиев баспасөз мәслихатында айтты. Оның сөзінше, электр жүйелері инвесторлар табылғасын ауыстырылады.
Ғали Есқалиев өңірдегі өзге де өзекті мәселелерге тоқталды. Мәселен, Оралдағы жиі өртенетін қоқыс полигоны келесі жылы жабылмақ. Оған келер жылдың бюджетінен тиісті қаражат бөлінбек.
Фариза Мұсақызы