400 келіге жуық қара уылдырықты заңсыз тасымалдап жүрген жүк көлігі ұсталды. Күдікті Ақтөбе-Мәскеу бағытындағы «Жайсан» автомобиль бақылау-өткізу пунктінде қолға түсті. Тауар пластик құтыларға салынып, сырты пакетпен оралған. Көлік жүргізушісі экономикалық контрабанда және балық қорын қорғау қағидаларын бұзу бабымен айыпталып отыр. Қылмыстық іс құзырлы огандардың тергеуіне жіберілген.
Нысаналы Ығыл