Қара уылдырық саудаға шығарылмақшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қара уылдырық саудаға шығарылмақшы

27.09.2014
Қара уылдырық саудаға шығарылмақшы

Атырауда үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында балық өсіріп, одан өнім дайындайтын зауыт іске қосылды. Жаңа кәсіпорын еліміздің ішкі нарығына бекіре тұқымдас балықтар мен олардың уылдырығын шығарумен айналыспақ.

Жобалық құны 5 миллион 728 мың долларға бағаланған зауыттың құрылысы бір жылдан астам уақыттың ішінде толықтай аяқталған.

Жақын арада зауытқа Башқұртстаннан 15 мың дана бекіре тұқымдас балығы жеткізіледі. Бұл балықтардан уылдырық алынып, жартысы сатылымға жіберілсе, қалғаны голландиялық технологиямен өсіріледі.

Сондай-ақ, зауыт балықтарды да саудаға шығарып, пайда табу көздейді.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу