Бір апта бойы Бетпақдалада адасқандар табылды
Бір апта бойы із-түзсіз кеткен Жезқазған қаласының екі тұрғыны Бетпақдаладан табылды. Абырой болғанда, екеуі де дін аман. Жолдан жаңылып, адасқан жандарды қызылордалық қорықшылар кезіктіріп, көмек көрсеткен.
Жезқазған қаласының тұрғындары Сергей мен Марина бағытынан адасып, түз даланың адам аяғы баса бермейтін түкпірінен бір-ақ шыққан. Олар жолдан 400 шақырымдай жерге ауытқып кеткен. Ақырында автокөліктің жанармайы таусылып, сол маңды бір апта бойы паналауына мәжбүр болыпты. Ас-сусыз әбден әлсіреген жандарды қызмет бабында жүрген қорықшылар тауып, екі адамның өмірін арашалады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ата-анаға қатігездік: Агрессия қайдан шығып жатыр?
14.09.2025, 20:44

Қымбатшылықты қалай тежейміз?
14.09.2025, 20:41
Ішкі нарықта отандық өнім неге аз?
14.09.2025, 20:39
Бір палаталы Парламент: Референдум не үшін керек?
14.09.2025, 20:37
Цифрлық мемлекет деген не?
14.09.2025, 20:24
Қазақстанда екі жол апатынан 15 адам қаза тапты
14.09.2025, 20:21
Ливерпульде бокстан Әлем чемпионатының финалы өтіп жатыр
14.09.2025, 20:19
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41