Сөз сайысына 10 облыс пен 3 қаладан келген 38 дарынды оқушы қатысып, бақ сынады.
Үш кезеңнен тұратын жарыста жас үміткерлер әйгілі би-шешендердің дау шешкен кезде айтқан кесімді ойлары мен көркем тіркестерінің мағынасын ашып, қазылардың алдында тапқырлықтарын көрсетті. Себебі қойылған талап та оңай емес. Десек те, оқығаны, көңілге көп тоқығаны, еркін көсіліп, шешендігімен ерекше көз түскендер алға суырылып шығып, жүлдегер атанды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бүгінгі буын осылай халықтың рухани құндылықтарын санасына сіңіріп өссе, ұлттың ұтары көп.
Роза Сексенова, Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаттың директоры:
Жалпы, бұл шешендік өнер «Ділмар» байқауы - әрине, оңай байқау емес. Қалай өткізілетінін, қандай әдебиеттерден көру, оқу керектігін, оның барлық талаптарын ҚР Білім және ғылым министрлігі арқылы облыстық білім басқармаларына таратып отырмыз.
Бауыржан Жақсымбет