Талдықорғанда республикалық шешендік өнер сайысы ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда республикалық шешендік өнер сайысы ұйымдастырылды

30.10.2018

Талдықорғанда алғаш рет «Тіл - рухани жаңғыру тетігі» тақырыбында республикалық пікір-сайыс ұйымдастырылды. Шараға еліміздің әр өңірінен 20 команда қатысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған шешіндік өнер сайысында тіл мәртебесі көтеріліп, латын әліпбиіне көшу мәселесі тақырыпқа арқау болды. Пікірсайысшылар екі күн бойы өз ойларын ортаға салып, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жолдарын талқылады. Алматы облыстық Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған сайыста Астана қаласы мен Жамбыл облысының командалары топ жарды.   

Айдар Башпаев, Алматы облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы:

- Пікірсайысқа қатысып жатқан жастардың бойынан тіл шеберлігі, тілдік мәдениет, шешендік ойды байқап отырмыз.   

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу