Алматыда «Менің Қазақстаным» атты жас дарындар байқауы өтті

24.03.2016
Алматыда  «Менің Қазақстаным» атты жас дарындар байқауы өтті
Алматыда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мектепке дейінгі білім беру мекемелері тәрбиеленушілерінің арасында «Менің Қазақстаным» атты жас дарындар байқауы өтті.

Онда шаһардағы бірқатар балабақша тәрбиеленушілері тамылжытып ән салып, мың бұралып би биледі.

Білім кені мен өнер жолына енді қадам басқан жас жеткіншектер ұстаздары мен ата-аналарын шаттыққа кенелтіп, Тәуелсіздік тойына осылайша үн қосты.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу