Қарағанды облысында 1200 борышкер елден шыға алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 1200 борышкер елден шыға алмайды

06.11.2019

Қарағанды облысында 1200 борышкерге ел аумағынан шығуға шектеу қойылды. Олар мемлекетке ең кемі 50 мың теңге қарыз. Алайда сот шешімін барлығы бірдей орындау үшін бұл шара жеткілікті емес. Сондықтан сот орындаушлырдың қызметін заң тұрғысында күшейту қажет. Бұл мәселе Парламент Мәжілісінің депутаттары, Әділет министрлігі, прокуратура, сот, кіріс департаменті, жеке және заңды тұлғалардан салықты өндіру бойынша өңірлік палата өкілдері қатысқан дөңгелек үстелде талқыланды. 

Облыс бойынша жеке тұлғалардың салық берешегі ағымдағы жылдың он айында 1 миллиард 170 миллион теңгеге жеткен. Оның 66 миллион 938 мың теңгесі сот орындаушылардың араласуымен өндіріліп алынған. 

Балайым Кесебаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Халықпен және жеке сот орындаушылардың өздерімен кездесіп, қандай проблемалық мәселелер бар, неге сот актілері ұзақ уақыт орындалмай жатады, өзара іс-қимыл барысында қандай шаралар қолдану керек деген сияқты мәселелерді талқылап, зерттейміз. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу