Елімізде 7 мың адамға елден шығуға шектеу қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 7 мың адамға елден шығуға шектеу қойылды

23.06.2023

Алимент бойынша берешегі бар 7 мың адамға елден шығуға шектеу қойылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында Әділет министрі айтты. Азамат Есқараевтың сөзінше, қазір берешекті өндіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. 7 мыңдай адамға елден шығуға шектеу қойылса, мыңнан астам борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Министр алимент төлемеудің негізгі себептеріне ресми жұмыс орнының көрсетілмеуі себеп дейді. «Тіпті кейбірі материалдық мүмкіндіктерге ие бола, өз мүлкін жасырып, балаларын асыраудан әдейі жалтарады», - деді Есқараев.


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу