Елордада «KazOil-2019» халықаралық конференциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «KazOil-2019» халықаралық конференциясы өтті

05.11.2019

Май өндірісіне әлемдік нарықтағы сұранысты көбейту керек. Бұл үшін аталған салаға шетелдік серіктестерді тарту маңызды. Бүгін «KazOil - 2019» ІІІ халықаралық конференциясында Ауыл шаруашылығы министрі осылай деді. Сапархан Омаровтің сөзінше, май өнімдерінің басым бөлігі Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстанға экспортталады. 2019 жылы экспорт 21,6 процентке өсіп, бір миллион тоннаға жеткен. 

Ал күнбағыс пен пальма майы елімізге Ресей мен Малайзиядан келеді. Әлемдік және отандық май нарығының жетекші компаниялары, бизнес және аграрлық ғылым саласының өкілдері бас қосқан форумға 19 елден 200-ге жуық делегат қатысты. Жиында май нарығының даму үрдістері мен ерекшеліктері, өзара сауда-саттықтың көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Бүгінгі таңда май өнімдерін дамыту - негізгі міндеттердің бірі. Себебі ол бидайдан да тиімдірек. Оның үстіне шетелдіктерден сұраныс артып отыр. Қазір май өнімдерін өңдеуді қолға алуымыз керек. Бүгінгі таңда май өнімдерінің 40 пайызға жуығын экспортқа шикізат ретінде шығарамыз. Мақсатымыз - алдағы 2-3 жылда 100 пайыз өңделген өнімді шығару.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу