Алматыда «Kazakhstan Urban Conference-2019» конференциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Kazakhstan Urban Conference-2019» конференциясы өтті

13.12.2019

Алқалы жиында ірі мегаполис болашақта 5 миллион тұрғынға метроөңір бола ала ма деген мәселе көтерілді.

300-ге жуық сарапшы, бизнес өкілдері мен азаматтық белсенді қатысқан шарада қаланың экологиясын жақсарту, қауіпсіздікті арттыру және қоғамдық көліктерді қолайлы ету сияқты тақырыптар талқыланды. Бұдан бөлек сарапшылар келешекте Алматыны әлемнің үздік 100 қаласының қатарына енгізу жоспары мен бизнеспен айналысуға ыңғайлы қала болуына жағдай жасау керектігін айтты. Ал басқосу соңында шаһар басшысы «Алматы -2050» даму стратегиясының қорытындысын ұсынды. 

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ    

Хабарламаларға жазылу