Елордада алғаш рет HPAIR Asia 2019 конференциясы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада алғаш рет HPAIR Asia 2019 конференциясы өтеді

14.08.2019

Тамыздың 16-ы мен 20-ы аралығында елордада халықаралық жастар конференциясы өтеді. Бүгін ұйымдастырушылар осынау ауқымды іс-шараның жоспарларымен бөлісті.

HPAIR Asia 2019 конференциясы Қазақстанда алғаш рет өтеді және оған 40-тан астам елдің студенттері қатысады. Білімді әрі белсенді жастар негізінен «Өзгеріске ұмтыл» атты тақырып төңірегінде өзара пікір алмасады. Атап айтқанда, ғылыми жобалар, экономикалық тұжырымдамалар, мәдени-гуманитарлық саладағы жобаларын таныстырып, оны одан әрі іске асыру бойынша тәжірибелерімен бөліседі. Жастар конференциясы халықаралық және отандық ірі компаниялар демеушілігімен өтеді.

Ырымгүл Ыбырайымова, Ұйымдастыру комитеті атқарушы директорының орынбасары:

Қазақстандағы барлық университеттер шақыру алған. Конференцияның оларға беретін жақсы жағы - әлемнің үздік спикерлерімен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу