Жамбыл облысында кәсіпкерлер форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында кәсіпкерлер форумы өтті

05.11.2019

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет». Жамбыл облысында осындай атаумен бизнес өкілдерінің басын қосқан форум өтті. Онда кәсіпкерлермен ашық әрі еркін форматта диалог жүргізіліп, бірқатар мәселелер тыңдалды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен өңір кәсіпкерлері мен инвесторларын қолдау мақсатында келісімшартқа қол қойды. Бұл келісім негізінде департамент қызмет аясында ғана емес, тұрмыстағы кедергілерге де көмектесуге дайын екендіктерін атап өтті.

Әділхан Әшірбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы:

Бүгінгі форумның мақсатын өздеріңіз де білесіздер. Өңір кәсіпкерлерінің құқығын қорғап, бизнестегі проблемаларын сала өкілдерімен бірлесе шешу. Сондықтан біз сіздермен арнайы кездесіп, ашық форматта диалог жүргізіп отырмыз. Бұдан әрі қарай да біз сіздермен бірлесе ашық жұмысты жүргізетін боламыз.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу