«Қорғас» орталығында кәсіпкерлердің халықаралық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қорғас» орталығында кәсіпкерлердің халықаралық форумы өтті

16.05.2017

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында кәсіпкерлер форумы өтті. Жиынға Қазақстан, Қытай мен өзге мемлекеттердің бизнес өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының сарапшылары қатысты. Іскерлік кездесуде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық климатты жақсарту әрі серіктестік байланысты нығайту мәселелері қаралды. Сондай-ақ, «Мемлекет-бизнес» өзара әрекеттестіктің тиімділігін көтеру жайы да сөз болды. Бүгінде халықаралық орталықта кәсіпкерлер үшін барлық жағдай жасалған. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ  

Хабарламаларға жазылу