Ақтөбеде жас кәсіпкерлер форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жас кәсіпкерлер форумы өтті

11.10.2014
Ақтөбеде жас кәсіпкерлер форумы өтті

Ақтөбеде Қазақстанның жас кәсіпкерлерінің І Форумы өтті. Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған шараға еліміздің әр аймағынан 300-ден аса жас кәсіпкер келді.

Жас кәсіпкерлер форумы - ісін жаңа бастаған және бизнес саласында бұрыннан жүрген кәсіпкерлерге ортақ пікірталас алаңы. Басты мақсат - жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында үздіксіз қызмет жасайтын арнайы платформа құру.

Форумның алғаш Ақтөбе облысында өткізілуі де бекер емес. Себебі, бұл өңірде жастар кәсіпкерлігін дамыту ісі жолға қойылған. Еңбекке қабілетті тұрғындардың 30 пайзы шағын және орта бизнес саласында қызмет етеді. Бұл мақсатқа биыл 5,3 миллиард теңге бөлінді.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу