Көкшетауда 3 жасар бала құдыққа түсіп кетті. Абырой болғанда, жанындағы 10 жасар ағасы салқынқандылық танытып, інісін аман алып қалды. Александр мен Кирилл дүкеннен келе жатқанда кішісі шалынып кетіп құдықтың бетіне құлайды. Қақпасы дұрыс бекітілмей бос тұрғандықтан Александр құдыққа түсіп кетеді. Кирилл бірден артынан секіріп оны судан алып шыққан. Кейін көмекке шақырады. Балаларды құдықтан жақын маңда жүрген ересектер алып шықты. Тұрғындар Көкшетауда ашық жатқан люктердің аз емес екендігін жарыса жазуда. Жауапты мекемелер осы оқиғадан кейін қаладағы құдықтардың қақпақтарын түгендеуді қолға алды.
Надежда Гильдерберг, Көкшетау қаласының тұрғыны:
Үлкен ұлымның арқасында аман қалды. Қорықпай әрекет еткеніне таң қаламын. Өзі бала ғой, 10 жаста ғана. Алып шыққан барлық адамдарға алғыс айтамын. Құдықтардың мәселесі Көкшетауда өте өзекті. Мына жерде балалар көп ойнайды. Ал қақпасы дұрыс бекітілмеген. Бала түсіп кетіп, тұншығып қалса, сұмдық қой.
Гүлбахрам Аниева, Көкшетау су арнасы мекемесінің қызметкері:
Кешке қарай жауып кеткен құдықтардың қақпағын таңертең ұрлап кетеді. Соларды жауып жатырмыз. Қала бойынша бүгін мониторинг өтті. Соның ішіндегі бұрынғыларды ұрлап кеткен, соның орнына ППЛ қойып жатырмыз. Басқа айтарымыз, көрген жерлеріңіз болса, құдықтар ашық тұрған жерлер болса, айтыңыздар, біз барып қоямыз.
Ермек ЕЛБЕРГЕН