Ұлттық нейрохирургия орталығында ерекше ота жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық нейрохирургия орталығында ерекше ота жасалды

24.10.2019

Отандық нейрохиругтардың бастамасын бүкіл әлем қолданысқа енгізуі мүмкін. Ұлттық нейрохиругрия орталығының мамандары зақымданған кеуде омыртқасын алып тастап, орнына имплант орнатты. 3 жылғы зерттеу нәтижесі жемісін беріп, алғашқы пациентерге жасалған ота сәтті аяқталды. Ноу-хау жайында Асима Нұрбайқызы.

Асима Нұрбайқызы, тілші:

Адам ағзасының омыртқасы шамамен, міне, мынадай болады. Мынау бел омыртқасы. Ал мынау кеуде тұс жағы. Ісік шамамен мына жерде болған. Отандық дәрігерлер осы омыртқаны толығымен алып тастады да, оның орнына, міне, мынадай титаннан жасалған имплант қойды. Бұл операцияның ерекшелігі сонда және қиындығы - мына жерде, міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, жұлын орналасқан. Егер жұлынға зақым келетін болса, онда адамның қимылдау немесе басқа да маңызды функциялары мүлдем істен шығуы мүмкін.

Сол жұлынды зақымдамап алмай, дәрігерлер жасанды аппарат орнатты. Қазір 4 науқасты аяғынан тұрғызды. Мұндай күрделі операцияны жасау үшін мамандар 3 жыл бойы іргелі зерттеулер жасапты.

Серік Ақшолақов, Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы:

Өзімізде ғаламда жасаған 3 д омыртқаны шетелге алып барып, сосын оны эксперименталды аппаратта тексеріп көрдік. Әртүрлі оған қысым жасайды. Қозғалыстар жасайды. Солар нәтижесі дұрыс дегеннен кейін 6 мәйітке жасадық сондай эсперимент. Толығымен оң нәтиже алғаннан кейін бастадық. Дүниежүзін қарап отырмыз, мұндай операция жасалған деп есептелмейді.

Осыған дейін де отандық дәрігерлер мұндай операцияны жасамады емес. Омыртқаны ауыстырып, орнына жасанды аппарат қойылып келді. Бірақ ол қалыпты тәсілмен істелгендіктен, көбіне нәтижесіз аяқталатын. Ал енді әрбір науқасқа барлық параметрі мен өлшемі сайма-сай келетін арнайы жеке имплант жасалып, қойылып жатыр.  

Дидардың жүзі енді дидарланды. Ол бір жарым жыл бойы төсек тартып жатты. Жүріп-тұрудан, ойнап-күлуден қалды. Омыртқасында пайда болған ісік асқынып, жұлынды қысып тастап, қимылдатпай қойған. Дидардың дендеген дертін дәрігерлер дүние жүзінде болмаған әдіспен емдеді. Операция арқылы омыртқасын алып тастап, орнына жасанды имплант орнатты.

Дидар Әміржанов, қала тұрғыны:

Сол жағым істемей қалды. Тіптен жүргізбей қойды, жатқызбай қойды. Не тұрғызбайды. Тұрып, жүріп-тұрудың өзі қиын болды маған. Ішінен бір соққы болып тұрған секілді болды.

Ұлттық нейрахирургия орталығы мамандарының кезекті жетістігіне қазірдің өзінде шетелдік әріптестері үлкен қызығушылық танытып жатқан көрінеді. Демек келешекте қазақ медицинасының табысы әлемдік деңгейде кеңінен қолданылуы мүмкін.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу