Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Токиоға сапары аясында Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша пікір алмасты.
Әлемде болып жатқан геосаяси оқиғалар да назардан тыс қалған жоқ. Синдзо Абэ Қазақстанның Тұңғыш Президентіне шақыртуды қабыл алып, императордың ұлықтау рәсіміне арнайы келгені үшін алғыс айтты.