Елбасы Моңғолияның премьер-министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Моңғолияның премьер-министрін қабылдады

10.10.2019

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттықты дамыту қажет. Бүгін Елбасы Моңғолия Премьер-Министрі Ухнаагиин Хүрелсүхпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақстан мен Моңғолия тарихи жақын халықтар екенін атап өтті. Ал Ухнаагиин Хүрелсүх жоғары деңгейдегі жылы қабылдауы мен кездескені үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар екі елдің сауда-экономикалық байланысын дамыту жайы талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы:

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мен Қазақстан мен Монғолия арасындағы қатынастарды нығайтуға тырыстым. Біз тарихи тұрғыдан жақын халықпыз. Моңғолияның жүз жиырма мың ұлты қазақ азаматы — бұл біздің елдеріміз арасындағы «тірі көпір». Сіз Қазақстанның Премьер-Министрімен келіссөздер жүргіздіңіз. Сонымен қатар сіз бизнес-форумға қатысуды жоспарлап отырсыз. Бүгінгі таңда біздің елдеріміз арасындағы сауда деңгейі өте төмен. Сіз барлық мәселелерді шешетініңізге сенімдімін.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу