Нұрсұлтан Назарбаев РФ Қорғаныс министрімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев РФ Қорғаныс министрімен кездесті

23.05.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесті. Кездесу барысында тараптар қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Сергей Шойгу «KADEX-2018» халықаралық көрмесінің маңыздылығына тоқталып, екі елдің қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мемлекетаралық байланыстарын нығайту үшін бұл шараның тиімділігін атап өтті.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу