Елбасы Украина Президенті В.Зеленскиймен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Украина Президенті В.Зеленскиймен кездесті

22.10.2019

Украинаның оңтүстік шығысындағы жанжалды тек бейбіт жолмен ғана шешу маңызды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Токио сапары аясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуінде айтты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Украина басшысын сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Қазақстан мен Украина арасындағы саяси- экономикалық байланыстар жайлы пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы:

Украинада болып жатқан барлық өзгерістерді үнемі бақылап отырамын. Өйткені ол мемлекет маған бөтен емес. Екі жыл оқығанымнан бөлек, барлық металлургия зауыттарымен тығыз байланыста болдым. Украина тәуелсіздік алған тұстағы президенті Кравчугтан бастап барлығымен таныспын. Сіз өзге президенттерге қарағанда сайлау нәтижесіне сай 70 пайыздан астам дауыс жинап, халықтың сеніміне ие болдыңыз. Яғни ойлаған мақсаттарыңызға жетуге барлық мүмкіндік бар. Мен сізге соны тілеймін.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

Біріншіден, біз экономикамызды сапалы түрде көтергіміз келеді. Ішкі істер саласында өзгерістер болып жатыр. Еліміз оны көп уақыт күтті. Ең бастысы, сайлау бейбіт жағдайда өтті. Мен Тоқаев мырзаны Нью-Йорктегі кездесуде Украинаға шақырдым. Осы сәтті пайдаланып, сізді де шақырамын. Жалпы Қазақстан бізді үнемі қолдайды. Сол үшін алғыс айтамын.

Д.НУРКИН


Хабарламаларға жазылу