Елбасы ғаламдық сарапшылармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы ғаламдық сарапшылармен кездесті

11.11.2019

Бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Астана клубының» отырысына келген ғаламдық саясаткер, сарапшылардың бірқатарымен кездесті. Елбасы МАГАТЭ-нің бұрынғы Бас директоры, Нобель сыйлығының лауреаты Мохаммед Эль-Барадеймен және Жаһандық қауіпсіздік институтының президенті Джонатан Граноффпен кездесті. Елбасы ядролық қаруды таратпауда МАГАТЭ-ның жауапты негізгі органға айналғанын атап өтті. Сондай-ақ, жаһандық қауіпсіздік институтының ядролық қаруды таратпаудағы маңызды рөліне де тоқталды. Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық мүдделер орталығының президенті, The National Interest журналының баспагері Дмитрий Саймспен, Еуропалық Комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен, JP Morgan Chase International төрағасы Джейкоб Френкельмен кездесті. Әңгіме барысында тараптар жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, әлемнің жетекші державалары арасындағы диалогты одан әрі орнату жөніндегі шараларды талқылады.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу