Нидерланды шаруалары трактормен шерулетіп жатыр. Олар климат жанашырларының «фермерлер ауаны химикаттармен ластауда» деген айыптауларына наразы. Сонымен қатар ауыл еңбеккерлері экологиялық мәселелер жөніндегі үкімет қабылдаған шараларға қарсылық білдіріп жатыр. Айтуларынша, ауаға таралатын азотты қысқарту туралы заң көп шығынға әкеледі әрі әділетсіз. Ал әуежай сияқты кәсіпорындар зиянды заттарды ауыл шаруашылығынан да көп шығарады.
3 мыңдай трактор Гаага қаласына бет алған. Соның салдарынан 375 шақырым жолда кептеліс түзілді. Фермерлер аталған мәселелер бойынша билік ойын өзгертпейінше, шерулерді жалғастыратынын ескертіп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ