Өскеменде 1 тәулік бойы толассыз жауған жаңбыр тұрғындарды әбігерге салды. Казгидромет мәліметі бойынша, Шығыстың бас шаһарында жаңбырдың 1 айлық нормасы жауған. Осының салдарынан қаланың кейбір көшерлерін су басып, бүгін таңғы уақытта көлік қозғалысы қиындады. Дегенмен түстен кейін жағдай біртіндеп қалыпқа түсті. Жалпы жаңбыр жауса ең бірінше болып Михаэлис көшесі көл болып кететін. Биыл бұл жерде су ағарлар жөнделіп, қуатты су сорғыштар қойылған. Осының арқасында бұл жолы көше бойында су көп жиналған жоқ. Атқарушы билік өкілдерінің айтуынша, жақын арада жаңбыр суы жиналатын барлық учаскілерде дренаждық жүйелер жөнделеді.
Берік КӨШЕРБАЙ