Эквадордағы жағдай ушығып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эквадордағы жағдай ушығып барады

09.10.2019

Мұнда бір апта бұрын басталған шерулер тәртіпсіздіктерге ұласып, мемлекет басшылары ел астанасын тастап кетті. Демонстранттарға бірер күн бұрын 20 мыңдай үндіс қосылды. Олар полицейлермен, жауынгерлермен қақтығысып, парламент үйіне басып кірген. 

Жергілікті халық бензин мен дизельдің мемлекеттік субсидиядан босатылуына қарсылық білдіріп жатыр. Өйткені үкіметтің осы шешімінен кейін Эквадорда отын бірден 120 пайызға немесе екі есе қымбаттап кетті. 

Алайда президент Ленин Мореноның мәлімдеуінше, субсидия мемлекеттік бюджетті толтыру үшін алынып тасталды. Оның үстіне Эквадор таяуда Халықаралық валюта қорынан 4 миллиард доллардан астам несие алып, шығындарды қысқартуға келіскен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу