Атырауда эпидахуал ушығып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда эпидахуал ушығып барады

09.04.2021

16 күннен бері «қызыл» аймақта тұрған Атырау облысында коронавирусқа шалдыққандар саны күрт артып, антирекордтық көрсеткішке жетті. Бүгін 149 науқас тіркелді. 101-і - қала тұрғыны. Айналасы 3 күннің ішінде 380-нен астам адам індеттің ілмегіне ілікті.

Бүгінде жаңадан ашылған 200 орындық модульді аурухана науқастарға лық толды. Қазір сырқаттарды облыстық инфекциялық аурухана қабылдап жатыр. Емдеу орындарына жүкті әйелдер де түсіп жатыр. Кеше ай күні толған екі анаға операция жасалып, өмірге екі сәби келді. Шақалақтардың жағдайы жақсы. Жалпы, наурыздан бері модульді ауруханада 5 бала дүниеге келді.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу