Қарағанды қаласында белгісіз біреу аялдамада қоғамдық көлікке оқ жаудырды. Қаскүнем жолаушыларға толы үш бірдей автобусты нысанаға алған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Аталмыш жағдай кешкі уақытта болған. Өкінішке қарай, қылмыскер оқиға орнынан ізін суытып үлгеріпті. Ал тәртіп сақшылары автобус ішінен пневматикалық қаруларда қолданылатын металл шарларын тапқан.
Жанатай Сембеков, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:
Аялдамада белгісіз адам пневматикалық қарумен қоғамдық көліктерге оқ атып, терезесін сындырған, зардап шегушілер жоқ. Аталған факт бойынша бұзақылық бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Бүгінгі таңда күдіктіні анықтап, ұстау жөнінде кешенді іс-шаралар жүргізілуде.
Руслан Нұрланұлы