Қарағандыда қоғамдық көліктерге WI-FI орнатылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда қоғамдық көліктерге WI-FI орнатылуда

31.03.2014
Қарағандыда қоғамдық көліктерге WI-FI орнатылуда

Қарағанды қаласының тұрғындары енді қоғамдық көліктерде ақысыз WI-FI арқылы ғаламторды пайдалана алады. Ол үшін бірқатар автобустар интернет желісімен жабдықталған.
 
 Мамандар алдымен WI-FI -дың   жолаушылар арасында қаншалықты сұранысқа ие екендігін анықтап алмақ. Сол себепті әзірше Майқұдық пен Оңтүстік Шығыс бағытындағы №43 автобустарға арнайы құрылғыларды орнатыпты.
 
 Егер сұраныс жоғары болып жатса, тағы 50 автобусты тегін интернет желісімен жабдықтау көзделіп отыр. Жолаушылар қоғамдық көліктегі WI-FI көмегімен смартфон, ноутбук немесе планшетімен ғаламторға кіріп, шаруасын тындыра беруіне болады.
 
Қалиасқар Байжанов, №2 автобус паркінің бөлім басшысы:
WI-FI -ды жолаушылардың жайлылығы үшін қосуды жөн көрдік. Мысалы, Майқұдық пен Оңтүстік Шығыс ауданының ара қашықтығы алыстау. Сол уақыт аралығында әр адам өз жұмысымен айналысады, тегін ғаламтор арқылы біреуі кітап оқиды, енді бірі ән тыңдайды, жаңалықтар оқиды. Жолаушыларға барлық жағдай жасауға тырысып жатырмыз.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу