Елордада Ресейдің мәдениет күндері басталды. Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларын қамтитын мәдени шаралардың шымылдығы бейбітшілік және келісім сарайында түрілді. Ең алдымен көрермен қылқалам шеберлерінің сурет көрмесін аралап көрді. Кейінірек, ресейлік әртістер "Несвятые святые" әдеби-музыкалық композициясын ұсынды. Туындыны Людмила Зыкина атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары ансамблі мен Сретенский монастырінің хоры орындады.
Алексей Бородавкин, Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:
Біздің мәдени әріптестігіміз екіжақты дамып келеді. Осы жылдың күзінде Санкт-Петербурдегі Мариинский театрына "Астана Опера" гастрольдік сапармен барады. Ал келесі жылы "Астана Опера" Мәскеудегі Үлкен театрда өнер көрсетпек. 2020 жылы Қазақстанда Горький атындағы МХАТ, Вахтангов атындағы театр гастролі мен Эрмитаж жәдігерлерінің көрмесі ұйымдастырылады.
Ғабит БӨКЕНБАЙ