Қазақстанда мектеп директорлары жетіспейді. Осы мамандардың тапшылығы, әсіресе солтүстік өңірде көп байқалады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі қоғамдық қабылдау кезінде айтты. Асхат Аймағамбетов 12 азаматтың өтінішін тыңдады. Олардың басым бөлігі оқу орындарының басшыларына шағымданды. Мәселен, бірі елордадағы нөмірі 12 мектептің бұрынғы директорының жұмысына көңілі толмағандығын жеткізген. Білім мекемесі екінші жыл қатарынан жаңа оқу жылына дайын болмаған. Алайда оқу орнына тек биылдың өзінде 25 миллион теңге бөлініпті. Министрдің сөзінше, бүгінде бұл мектепте тексеріс жүргізіліп жатыр.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Жиі өткізіліп тұратын осындай қабылдауларда, кем дегенде, 40-50 адам болады. Адамадар өте көп келеді. Әрине кейбір мәселелер ол жеке сұрақтар. Бірақ анда-санда жүйелі сұрақтар да болып тұрады. Бүгінгі кездесудегі, қабылдаудағы мәселелерді біз бүгін шешіп тастадық.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ