Қазақстанда ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлердің 1270-сі ғана қалды. Солардың бірі - Александр Торкин. Майдангер биыл 100 жасқа толды. Қарттар күніне орай еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнеткердің үйіне арнайы келіп, мерейлі мерекесімен құттықтады.
Оның өмір тарихы үлкен құрметке ие. Отанды жаудан қорғауға үлесін қосты, елге оралғаннан кейін де түрлі салада еңбек етті. Жалпы, қазіргі таңда елімізде 2 млн 190 мың зейнеткер бар. Олардың барлығына мемлекет тарапынан тиісті деңгейде көмек көрсетілуде.
Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Кез келген адамның мәдениеті мен тәрбиесі үлкенді сыйлаумен көрінеді. Сондықтан бүгін қарияларды мерекемен құттықтап, жастарымызды үлкендерімізді әрқашан сыйлауға шақырамын.
Әсима Нұрбайқызы