Президент пен Елбасы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент пен Елбасы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

31.07.2020

Ел Президенті қазақстандықтарды атаулы мерекемен құттықтады. Қастерлі мейрам бейбітшілік пен татулыққа үндеп, имандылық пен парасатты дәріптейді. Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев, адамзатқа ауыр салмақ салған қауіпті індетті жеңіп шығу үшін тас-түйін ауызбіршілік пен темірдей тәртіп қажет екенін атап өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та елді осынау қасиетті мерекемен құттықтады. Құрбан айт адамзатты ізгілікке баулып, адами құндылықтардың бағасын арттыра түсетініне айрықша тоқталды. 

Армангүл Тоқтамұрат 

Хабарламаларға жазылу