Оқу-ағарту министрі білім беру ұйымдарында қызмет ететін әйелдер қауымын мерекемен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқу-ағарту министрі білім беру ұйымдарында қызмет ететін әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

07.03.2024

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев білім беру ұйымдарында қызмет ететін әйелдер қауымын мерекемен құттықтады. ((КСМ:)) Министр қыз-келіншектердің қызметіне сәттілік тілеп, олардың еңбегі ұлт болашағы үшін аса маңызды екенін айтты.

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының» мәліметінше, бүгінгі таңда еліміздің білім беру ұйымдарында 469 мың 533 әйел еңбек етеді. Оның 28 мыңнан астамы - колледж, 324 мыңы - мектептерде ал, 100 мыңға жуығы - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейді.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу