Түркістанда күзгі жиым-терім басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда күзгі жиым-терім басталды

01.10.2019

Түркістан облысындағы көкөніс пен жеміс өсіруді басты кәсіп еткен Сарыағаш ауданының бағбандары күзгі жиын терімге кірісті. Олар жоғары сортты жеміс түрлері негізінен Ресей мен еліміздің өзге де аймақтарына саудаланып жатыр. Оның жартысына жуығы жүзім. Тұтынушылар елімізде өндірілген жемістердің ешбір қоспасыз, табиғи жағдайда піскендігіне қызығып сатып алуда.

Мына шаруа қожалығы былтыр 25 гектар жүзімдік алқаптан 400 тоннадай өнім алған еді. Биыл 350 тоннаға әзер жеткелі тұр. Соның өзі тынымсыз еңбек, уақтылы күтім жасағының арқасында. Әсіресе, тамшылатып суару көп жәрдемдесті. Тамырына қажетті қорегі беріліп, тез қуаттануына жағдай істеп бақты. Қазір 30 шақты адам өнімді дер кезінде жиып алуға барын салып жатыр. 

Жиенбай Шыңғысов, шаруа қожалығының басшысы:

Ыстықтан кейін жаңбырдың өткенінен көп жүзім кесел болды. Өнімділік азайып кетті. Оның үсітне кеше 50 градусқа дейін ыстық болғанының нәтижесінен жүзімдерді зорға үлгеріп суарып қалдық. Су сақтап қалды. 

Ал жеміс бағын екендер биыл бұлай қинала қойған жоқ. Шетелдік технологиямен отырғызылған ағаштардың төбесі тормен жабылады. Бұл күннен қорғайды. Бұршақтан сақтайды. Бүгінге дейін аудан бойынша 500 тонна шабдалы, 850 тонна өрік жинап алынды. 

Ғайратжон Қаражанов, агроном:

Келісім бойынша шабдалыны, сливаны Қазақстан бойынша, Ресейге жіберіп жатыр. Алматы, Астана, Қарағанды. Омск, Екатеринбургке кетті. 

Сарыағаш ауданында бүгінде 1 жарым мың гектар жүзім, 2 мың 200 гектардай жеміс алқабы алқабы бар. Жүзімнің асханалық сорттары мен шабдалы, өрік, алхоры секілді жемістер негізінен өзге аймақтарға сатуға жіберіледі. Ал техникалық сұрыптан шарап және тәтті суысындар әзірленеді. 

Нұрполат Тәліпов, Сарыағаш ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Техникалық сорттарды ауданымызда 3 қайта өңдеу шарап зауыттары бар. Бүгінгі таңға шаруалар 4 мың тонна өнім тапсырып үлгерді.

Аймақ диқандары былтырдан бері жемістерді кептіру технологиясын меңгере бастады. Бұл өнімді шығынсыз сақтауға, жыл он екі ай кез-келген жерге тасымалдап, сатуға қолайлы. Әрі табысты кәсіп. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу