Мұқтаждықтың арты масылдыққа апармауы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұқтаждықтың арты масылдыққа апармауы керек

28.09.2019

Қазынаға қол жаймай ел еңбек етсін деген бастама қоғамда жиі айтылғанда көбіміздің көзіміз мына жазбаға түсті. Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева жазды: «Біз еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқытамыз: аспаз, наубайшы, сұлулық маманы, тігінші. Алматыда «Бақытты отбасы» орталығы арқылы 120 орын ұсындық, онда біз әйелдерді оқытып, сол жерде жұмысқа орналастырдық. Өкінішке қарай, бізде оқығысы келетін адамдардың тізімі жоқ» дейді. Аспаз, сұлулық маманы, тігінші. Мұның барлығы азаматшаларға қол болатын қызметтер. Бұдан бөлек Электрондық еңбек биржасында шамамен 48 мың бос жұмыс орны бар екенін айту керек. Кез келген бастамаға басы бүтін қарсылық таныстпас бұрын бәріміз осындай қосымша тетіктерді түгендеп алғанымыз абзал. Хәкім Абай: «еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап» дейді. Абайдан асырып айта алмаймыз. Көп балалы аналарды үйден шығармай-ақ жұмыспен қамтитын бағдарламада жасалды қазір. Мұндай мүмкіндікті жібермеу керек. 


Хабарламаларға жазылу