Ашықтық принцпіне негізделген кітапханада студенттер өз-өздеріне қызмет етеді. Жаңа оқу залында түрлі форматтағы оқулықтарды алу бір терезе қағидасы бойынша ұйымдастырылған.
Мұнда жеке және топтық жұмыстарға арналған алаңшалар бар. Сондай-ақ, кітап оқуға ыңғайлы жиһаздар мен түрлі электронды техника бар. Мұның бәрі жастардың еркін қарым-қатынаста болып, өз-өздерін дамытуға арналған. «Ол оқырман уақытын үнемдеп қана қоймай, таным көкжиегін кеңейтуге сеп болады», - дейді мамандар.
Равиль Төлебаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары:
Жастардың күрделі мәселе бойынша шешім қабылдауы кезінде адалдық принцптерін пайдаланып, парасаттылыққа сүйене отырып, оң шешім қабылдауға өз септігін тигізеді. Жалпы, қабылданып жатқан осындай шаралар жастардың ортасында болғаны дұрыс.