Қызылордада «Әдеби автобус» жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Әдеби автобус» жолға шықты

24.04.2024

Қызылордада ақын-жазушылардың туындыларын кеңінен насихаттау үшін «әдеби автобус» жолға шықты. Кітапхана қызметкерлері мен жас оқырмандар қоғамдық көлікте өлең оқып, ән айтып тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Осылайша кітапхана қызметкерлері көпшілікті тұрақты түрде кітап оқуға шақырды.

Қарлығаш Сражадинова, А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың аға кітапханашысы:

Білсенді оқырмандарымыз қазақ ақын-жазушыларының кітапқа осы рухани қазынаға арнаған өлеңдерін жолаушыларға сыйлайды. Бұл жоба бізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылады әдеби автобус жобасы.

Аймақта зияткер, білімпаз қыз-жігіттердің «кітап құрттары» деп аталатын клубы құрылды. бүгінде 100-ге жуық мүшесі бар. Оның жетекшісі Талғат Меңдібаев қарапайым мұғалім. Сабақтан тыс уақытта қазақ және шет ел әдебиетін мектеп оқушыларына дәріптеп, жасөспірімдердің білім көкжиегін кеңейтуге өз септігін тигізіп жүр.

Талғат Меңдібаев, «Кітап құрттары» клубының жетекшісі:

 Қазір қоғамда тұжырым бар жастар кітап оқымайды деген. Мен онымен түбегейлі келіспеймін. Бізде үш үлкен кітап дүкені бар қала бойынша. Үшеуі де әлі жабылған жоқ. Саудасы жүріп жатыр. Ол деген сөз адамдар кітапты сатып алып жатыр. Қанша тұрса да тұтынып жатыр. Ол жақсы тенденция. Біз қазір кітап құрттарының мүшелеріне байланысты сан жүргізбейтін болдық. Жан-жақта ашылып, аудандарда, басқа қалаларда үлгі ретінде алды.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу