Алтынды заңды жолмен өндіруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтынды заңды жолмен өндіруге болады

25.09.2019

Алтын шыққан жерді белден қаз. Елімізде былтырдан бастап жекелеген азаматтарға алтынды өз күшімен өндіруге рұқсат беретін арнайы заң күшіне енді. Бұл- көлеңкелі бизнесті заңдастыруға таптырмайтын мүмкіндік. Жамбыл облысында бағалы металлдың өндірісі үшін арнайы жер телімдері де белгіленген. Алайда, алтынды заңды жолмен өндіруге ниет білдіргендер мүлде жоқ. Сәбит Әлдебайдың репортажында.

Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауының қойны- қонышында жүз миллион тоннадан астам алтын қоры бар. Мамандардың болжамы осындай. Өйткені іргедегі Ақбақай кен орнынан жылына миллион тонна алтын өндіріледі. Бірақ, Жамбыл тауындағы алтын кендері шашырай орналасқан. Сондықтан, әр жерде бір кездесетін руда үшін ірі өндіріс ошағын орнату өзін- өзі ақтамайтын іс. Бірақ, еңбегіне сүйеніп, шағын алтын өндіру цехін ашамын деушілерге таптырмайтын мүміндік бұл.

Кезінде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілген жерлер алтын лихорадкасына шалдығып, оңай олжаға кенелгісі келетіндерге таптырмайтын орын. Байқасаңыздар мұнда алтын кенін өндіруге қажетті барлық құралдар бар. Тіпті жиналған шикізат та тұр. Шашылған қарбыздың қалдықтарына қарағанда алтын өндірушілер бұл жерде жақын арада болған секілді. 

Осы маңнан алтын жинаумен айналысқандардың бірнеше тобы ұсталды. Олар Жамбыл тауы мен Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылы маңындағы таулы алқаптардан өз бетінше алтын іздеген. 

Үсен Айнақұлов, Полиция бөлімінің басшысы:

Жылдың басынан бүгінгі таңға дейін, 7 дерек, жер қойнауын өзінше пайдалану деректері тіркелген. Олар бойынша сараптама тағайындалған.сараптама қорытындысы дайын болған кезде, экология департаментінің мамандарын жұмылдыра отырып шешім қабылданатын болады.

Жаңа заң бойынша өз күшімен алтын іздеймін дегендер әкімдіктен лицензия алуы керек. Ең басты талап- экологияға зиян тигізбеуі тиіс. Ол үшін кепілге 1 миллион теңге қаржы салу міндеттелген. Сонда ғана бес гектар жерді алып, үш метр тереңдікке дейін алтын қазуға болады.  

Гүлсім Таупешова, Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

Қазған жерлердің бәрін жоймай, тастап кететін болса онда оны үкімет ала алады, сөйтіп ол жерлерді реттеп алады. Қазір бізде ең басты мәселе осы жер қойнауы операциялырының салдарын жою міндеттемеі тұр ғой, көбіне қазіп қазіп кетіп қалады. Егер, рекултивацияның бәрін жасап қайта қалпына келтіретін болса, ол ақша өздерінде қалады.

Жамбыл облысында бүгінге дейін бір де бір азамат алтын өндіруге рұқсат сұрап, өтініш бермеген. Бірақ ақыл-кеңес сұрағандар жетерлік дейді мамандар. Қазір алтын іздеушілер үшін арнайы 2 уческе дайындалған. Ондағы әр гектары үшін жылана 9 айлық есептік көрсеткіш көлімінде салық төлеп, елу келіге дейін таза алтын өндіруге болады. Есесіне бұл әдіс жүздеген тонна алтын рудасын заңсыз шетел асырып келген қылмыстық топтардың жолын кеседі.   

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу