Бас прокуратурада Активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратурада Активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылды

12.10.2023

Елімізде заңсыз иемденілген активтерді заңды жолмен қайтаратын, Бас прокуратурада арнайы мемлекеттік мекеме құрылды. Президент жарлығымен жүзеге асқан комитетке мемлекет тарапынан бірқатар құқық берілген. Мәселен мүліктің заңды-заңсыздығын анықтау үшін Комитет активтер мен олардың иелері туралы барлық ақпаратты сұрата алады. Бұдан бөлек ғалымдарды, сарапшыларды, мамандарды тартуға құқылы. Айта кетейік, ведомство шетелге заңсыз кеткен активтерге тыйым салу, тәркілеу мәселесін де қарастыра алады.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу