Зілзаладан 22 адам қаза тапты
Пәкістанның солтүстігінде болған 5,8 балдық жер сілкінісінен 22 адам қаза тапты. Тағы 200-ден астамы жараланған. Зілзала салдарынан ғимараттар құлап, жолдар қақ айрылды. Жер асты дүмпуі елдің екінші ірі қаласы Лахордан 173 шақырым жерде 10 километр тереңдікте тіркелген. Оның күшті болғаны соншалық, дүмпу көршілес Үндістанда да сезілді.
Жергілікті биліктің айтуынша, құтқару жұмыстары және апат салдарымен күресуге бірнеше күн қажет.
Айта кетсек, Гималай таулары орналасқан бұл аумақта жер сілкіністері жиі болып тұрады. 2005 жылы Кашмирде жойқын зілзаладан 80 мыңнан астам адам қаза тапқан.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03